Сарысуда сода өндіретін зауыт салынуда

791

Жамбыл өңірінде, нақтырақ айтсақ, Сарысу ауданында сода өндіріледі дегелі біраз болды. Бірақ кальцийленген сода зауытының өнімін тұтыну үшін әлі бір жыл күте тұруға тура келеді.

Сарысуда сода өндіретін зауыт салынуда

Негізі Индустриялық даму комитетінің химия өнеркәсібі басқармасы жариялаған мәліметте – жаңа жобаларды жүзеге асыру мерзімі алдағы 5 жыл ішінде деп көрсетілген. Ал "Yildirim Holding" түрік компаниясының еншілес кәсіпорны "Qazaq Soda" ЖШС-нің бас директоры Исмаил Джейлан зауыт келесі жылы пайдалануға беріледі деп күтіліп отырғанын айтты.

Зауыт іске қосылса, 1 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал құрылысқа жалпы көлемі 400 миллион АҚШ долларын тарту көзделген.

Жоспар бойынша кәсіпорын  жылына кальцийленген соданың 400 мың тоннасын шығармақшы. Бұдан басқа дистилляциялық шламнан қосымша шикі кальций хлоридін өндірілмекші.

Бұл – қалдықсыз өнім өндіру технологиясы бойынша іске асырылатын жоба. Ас содасын өндіруден түзілген қалдық заттарды әрі қарай өңдеп, химия өндірісіне керекті өнімдер алып, тіпті тұз өндіру де жоспарланған.

Қазір кәсіпорын аумағында зауыт жұмысшыларына арнап жатақхана салынбақшы. Қазір  "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында электр желілері жүргізіліп, тиісті инфрақұрылым тартылыпты. Ең қажетті су құбырын тартылған соң, теміржол мәселесі – кезекті.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу