Сәтбаев қаласы қоқыстың астында қалды

500

Тұрғындар жәшіктерге сыймай, әр жерде үйілген қоқыс апталап жатады, дейді.

Сәтбаев қаласы қоқыстың астында қалды

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғындары "қоқыстың астында қалдық" деп шу шығарды. Айтуларынша, кеншілер мекенін тұрмыстық қалдықтан тазартатын компанияны жергілікті билік әбден "еркелетіп" жіберген. Салдарынан, жұмыс атқармайтын жеке меншік кәсіпорын тарифті 2 есеге бірақ көтерген.

69 мың тұрғыны бар Сәтбаев қаласының жұрты шашылған қоқыс мәселесін жергілікті биліктің құлағына жеткізе алмай жүр. Сөздерінше, жәшіктерге сыймай, әр жерде үйілген қоқыс апталап жатады екен. Бірақ, оған әкімшіліктің бас қатырғысы жоқ. Есесіне, қоқыс жинаушы компанияның тарифті көтеру туралы ұсынысын мақұлдаған. Сөйтіп, сәуір айында баға бірден 2 есеге, яғни 309 теңгеге қымбаттаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу