Сәтбаев қаласында бұзақылық жасағаны үшін 15 адам ұсталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Оларға қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылды. Ұсталған азаматтар 24 шілде күні 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған адамды өз беттерімен жазалауға ұмтылып, полиция ғимаратына кіруге әрекеттенген. Сонымен қатар, жолдағы нысандарды қиратып, тұрғындарға біршама материалдық шығын келтірген, және сыртқы бейнебақылау камераларымен қызметтік көліктерді өртеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу