Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген цирк әртісінің денесі табылды

630

Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген "Шапито" циркінің 18 жастағы әртісінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Сәтбаев қаласында гастрольде жүрген цирк әртісінің денесі табылды Фото: Маша Кацунның facebook парақшасынан

Полицияның болжамынша, Мария Катцун өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда бойжеткеннің жақындары бұл нұсқаға сенбейтіндерін айтып отыр. Бұл туралы олар әлеуметтік желіде жариялады.

Қыз баланың достары Мария әрқашан салауатты өмір салтын ұстанған, спортпен айналысқан және әрдайым циркте өнер көрсетуді армандағанын айтады.

Мария эстрадалық цирк училищесінде оқып, жазда Алматы қаласының "Шапито" циркімен өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімшартқа қол қойған. Қайғылы оқиға кезінде цирк Сәтбаев қаласында гастрольде болған екен.

"Аталмыш факт бойынша Сәтбаев полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады Ұлытау ауданы ПД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу