Сәтбаев қаласындағы кәсіпорында тексеру басталды

481

Жылу энергетикасы кәсіпорнынан шыққан қою түтінге байланысты тексеру жүріп жатыр.  

Сәтбаев қаласындағы кәсіпорында тексеру басталды Фото: zakon.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлытау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Сәтбаевтың қазандық мұржасынан (Жылу энергетикасы кәсіпорны) қою қара түтін шығып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

"Жылыту маусымы барысында қалада 4 қазандық жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Осы уақыт ішінде барлығы 360 мың тонна көмір жұмсалады. Осыған байланысты көп мөлшерде түтін шығарылуы мүмкін. Атмосфераға зиянды шығарындылардың адам денсаулығына теріс әсеріне алаңдайтын белсенділердің ақпараты негізінде арнайы экологиялық тексеру жүргізіледі" делінген Ұлытау облысының әкімдігі таратқан хабарламада.

Тексеру нәтижелері жуырда жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу