Сәтбаевта әйел адамның басына карниздің бір бөлігі құлаған

504

Тұрғын үй инспекциясы басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Сәтбаевта әйел адамның басына карниздің бір бөлігі құлаған Фото: бейнеден скриншот Almaty.tv

Сәтбаев қаласында нан сатып алуға дүкенге барған әйелдің басына тұрғын үйдің карнизінің сынығы түсіп кетті, деп жазады inbusiness.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Тұрғындардың барлығы бес қабатты ғимарат әлдеқашан апатты жағдайда қалып, жөндеуді қажет ететіндігін айтып отыр.

“Мен екі жарақат алдым. Басымда 10 сантиметр және 4 сантиметр екі жара бар. Екі күннен бері төсек тартып жатырмын. Еңбекке жарамсыздық парағын ашамын, өйткені бұл жарақатпен ұзақ уақыт емделуім керек", - деп бөлісті жәбірленуші Светлана Головко.

Оқиға болған жер қазір қоршалған. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласында 19 үй апатты, 6 үй апатты жағдайда, 251 ғимарат апатты деп танылды.

“Тұрғын бізбен жеке байланысқан жоқ, біз дөңгелек үстел өткіздік. Қызмет көрсететін "Сүйікті қала" мекемесі барлығынан хабардар. Оларға заң бойынша не істеу керек, халықпен қалай жұмыс істеу керек, мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірдік. Өйткені, тұрғындар техникалық қызмет көрсету ақысын төлеп жүр", - деп атап өтті тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Жадыра Сейілова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу