Сәтбаевта алаяқтар интернет арқылы зейнеткердің 1,8 млн теңгесін жымқырды

156

Белгісіз біреу өзін байланыс қызметінің өкілі ретінде таныстырып, қарияның ұялы телефонына мессенджер арқылы хабарласқан.  

Сәтбаевта алаяқтар интернет арқылы зейнеткердің 1,8 млн теңгесін жымқырды Фото: canva

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында мессенджер арқылы жасалған интернет-алаяқтық фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бейтаныс адам әңгіме барысында үй телефоны мен интернет қызметіне қатысты келісімшарттың мерзімін ұзарту қажеттігін алға тартып, жәбірленушінің сеніміне кіреді. Кейін алаяқ 70 жастағы зейнеткерге  "жеңілдік картасын" рәсімдеу сылтауымен жәбірленушіден жеке деректерін сұрап, оның ұялы телефонына қашықтан қол жеткізген. Соның салдарынан мобильді банкинг қосымшалары арқылы банк шоттарынан заңсыз ақша аударымдары жүргізілген.

Нәтижесінде, жәбірленушінің екі банк шотынан 1,8 млн теңгеден астам қаражат алаяқтық жолмен шешіп алынған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қаржылық операциялар тексеріліп, күдікті аударымдар арнайы антифрод жүйесіне енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу