Сәтбаевта ер адамның қызды зорламақ болған әрекеті видеоға түсіп қалды

Күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Сәтбаевта ер адамның қызды зорламақ болған әрекеті видеоға түсіп қалды Фото: Бейнежазбадан

Бейнежазбадан ер адамның қыздың аузын жауып, есікке қарай сүйремек болғаны анық байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қыз подъезге кірген кезде, ізінен ерген қаскөй арам ойын жүзеге асырмақ болған. Ол қызды ұстап алып, баспалдақ астына қарай сүйрей жөнелген. Осыдан соң қыз қатты айғайлап, шыңғырып көмек сұрайды. Артынша көрші үйден бір әйел шығады. Бұл шабуылдаушының оқиға орнынан қашып кетуіне себеп болған. 

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Олар оқиғаға қатысты былайша түсініктеме берді.

– Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу