Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған адамды тапты, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
30 қыркүйекте қалалық полиция бөліміне 60 жасар қала тұрғыны хабарласып, күйеуінің жоғалып кеткенін айтқан. Құқық қорғау қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды.
Нәтижесінде, із-түссіз жоғалған азамат аман-есен үйіне оралды. Ақпаратта көрсетілгендей, ер адамның таныстарына қыдырып кеткені анықталды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        