Сәтбаевта көшеде ер адамды атып кетті

709

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында сауда орталығының алдында ер адамды атып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сәтбаевта көшеде ер адамды атып кетті

Оқиға бүгін Сәтбаев қаласының орталығында орналасқан "Ulytau mall" сауда үйінің алдында орын алған. Салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді.

"Жарақат алған 1998 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Атылған оқтан оң жамбасына және жыныс мүшелеріне зақым келген. Сонымен қатар арқа тұсы мен екі жауырын аралығына пышақ жарақаты салынған. Хирургтер көмек көрсетіп жатыр", – деп мәлім етті Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан. 

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Ұлытау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу