Сәтбаевта пәтер өртеніп, 4 бала құтқарылды

135

Балаларда түтіннен улану белгілері байқалған.

Сәтбаевта пәтер өртеніп, 4 бала құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Сәтбаев қаласы, Ерденов көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел келіп жетті.

Өрт сөндірушілер келген кезде пәтерде жану байқалды. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, барлау жүргізіліп, өртті сөндіру жұмыстары басталды.

Құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан пәтерден пәтер иесі құтқарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Көрші пәтерден автосатының көмегімен 4 бала құтқарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу