Сәтбаевтағы кеншілер наразылығы: "Қазақмыс" түсінік берді

536

Келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сәтбаевтағы кеншілер наразылығы: "Қазақмыс" түсінік берді Фото: kazakhmys

"Қазақмыс" компаниясы Сәтбаевтағы шахташылардың наразалығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 14 тамызда түнгі ауысымға түскен Сәтбаев өндірістік алаңының №65 шахтасының кеншілері мен мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері жұмысты тоқтатқандарын хабарлады. Мән-жайды білу анықтау мақсатында "Қазақмыс" басшылығы, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері және жергілікті атқарушы билік өкілдері оқиға орнына барды. Қазіргі уақытта "Қазақмыс" ЖШС басшылығы туындаған мәселелерді шешу үшін шахтерлердің бастамашыл тобымен келіссөздер жүргізіп жатыр", делінген хабарламада.

Сондай-ақ,  өңірлік жедел штабтың құрылғаны айтылады.

"Қазақмыс" компаниялар тобы әрқашан сындарлы диалогқа ашық және солай қала береді", - дейді компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу