Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы Жезқазған кенті таратылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімдігі қаулы етеді және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Жезқазған кенті Сәтбаев қаласының әкімшілік-аумақтық бағынысына енгізіліп, кейіннен есептік деректерден алып тастай отырып, Жезқазған кенті таратылсын", – делінген ресми құжатта.
Кент Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан. Іргесі дүние жүзіндегі аса ірі Жезқазған мыс кенін игеруге байланысты 1907 жылы қаланған. 1937 жылдан кент саналып келді.