Satbayev University-де Halyk академиясы ашылды

351

Қазақстандық студенттер енді университет қабырғасынан-ақ жаңа банктік технологияларды үйренеді.

Satbayev University-де Halyk академиясы ашылды Фото: Inbusiness.kz

Бүгін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде Halyk академиясы ашылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Онда болашақ мамандар көлемді деректері бар тапсырмаларды шешуді үйренеді. Одан бөлек, басқа да қиын шешімдерді орындауға машықтанады. Университетте мұндай зертхана Halyk банкінің серіктестігінің аясында қолданысқа беріліп отыр.

Сәтбаев университетіндегі аудитория соңғы технологиямен жабдықталған. Ал мұнда студенттер банк саласында күнделікті қолданылатын IT технологияларды үйренеді. Болашақ мамандар үлкен деректерді, жасанды интеллект пен жоғары сыртқы жүйелерді бұдан былай мысалдар негізінде емес, нақты шешіп үйренетін болады.

"Бұл жерде тек Халықтың Сәтпаев университетімен серіктестігі туралы емес. Осылайша біз коллобарация жасап, жоғары оқу орнының студенттері біліммен қатар тәжірибені қатар алып жүрсе екен деген игі ниетімізді білдіргіміз келеді. Біз Халықтың технологияларын үйренуге мүмкіндік беріп жатырмыз. Түлектер зертханада тапсырмаларды өздері жасап үйренеді. Кейінірек бірігіп, хакатондар ұйымдастыру ойда бар", - дейді Halyk банктің IT және инновация жөніндегі басқарушы директоры Андрей Заварзин.

Халық банктің мамандары өз тәжірибелерімен де бөліседі. Қалған теориялық бөлігін университет ұстаздары оқытады. Жоғары Оқу орнының өкілдері Halyk Academy банк ісі мен ІТ-технологиялардың шағын хабына айналатынына сенімді. Өйткені, зертхананың басты мақсаты - кез келген салада жұмыс істей алатын сапалы мамандарды дайындау.

"Мұнда болашақ мамандар өздерінің білімін шыңдай алады. Шынында да, зертханада студенттер өздерін кәсіби ортада жүргендей сезінеді. Бұл бір банктің технологиясын үйренуге жасалған қадамның бірі. Халық банкінің жобалары қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп біз нарыққа сұранысқа сай түлектерді дайындаймыз", - дейді Satbayev University автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Раиса Өскенбаева.

Айта кетейік, бұл Қазақстан университеттеріндегі төртінші Halyk академиясы. Ал Halyk банк тек компьютерлік сыныптармен шектеліп қалмақ емес. Болашақта студенттерге барынша қолайлы жағдай жасау үшін сандық жүйені орнатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу