Сәтпаев қаласында тұрғын үйдегі өрттен бір бала қайтыс болды

726

Сондай-ақ иіс тиген әйел ауруханаға жеткізілді. 

Сәтпаев қаласында тұрғын үйдегі өрттен бір бала қайтыс болды

Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында екі қабатты тұрғын үйден шыққан өрттен бала қайтыс болды, деп хабарлайды ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт таңертең бірінші қабаттағы пәтерден шықты жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру 1 сағаттай уақытты алған.

"Оқиға орнынан 2015 жылғы қыз баланың денесі табылды. Сондай-ақ иіс тиген 1988 жылғы әйел ауруханаға жеткізілді", – дейді ТЖ комитетінен.

Өрттің неден шыққаны қазір анықталу үстінде. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД жеке құрамының 22 қызметкері мен 6 техника өртке жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу