Сатпаевта бала зорлаған қылмыскерлерге үкім кесілді

1165

Кішкентай бүлдіршінді қорлағандар ерлі-зайыпты болып шықты.  

Сатпаевта бала зорлаған қылмыскерлерге үкім кесілді

Сатпаев қаласында былтыр жазда бес жастағы қызды зорлаған қылмыскерлерге үкім шықты. Аты шулы істі алқабилер соты  қараған болатын.

Еске сала кетсек, 2020 жылы 23 шілдеде Жезқазған тұрғындары Сатпаевтағы танысының үйіне қыз баласымен қыдырып  келген. Есік алдында алаңсыз ойнап жүрген бес жастағы сәби жоғары қабаттағы пәтерге көтерілмек болады. Оны подьезде мас ер адам тоқтатып, пәтеріне кіргізіп алған соң ол көршісіне қыз баланы зорлау керек деген ұсынысын жеткізген. Қылмыскердің көршісі бұл ұсынысты құп көріп, өзінің әйеліне қыз бала айқай-шу шығармау үшін оған екпе егуін сұрайды.

Қыз жоғалған күні Сатпаев тұрғындары қылмыскерді өздері жазалайтынын айтып, наразылық көрсеткен еді. Кейін бірнеше айдан соң қыз балаға зорлық жасаған бір күдікті түрмеде өз өзіне қол салып өмірден озған. Ал бүгін алқабилер соты ерлі-зайыпты күдіктілерге үкім шығарды.

Алқабилердің дауыс беруі нәтижесінде бүлдіршінге зорлық жасаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздігі мекемесінде өтейді. Ал оның әйелі 22 жылға сотталды. Соттың мәліметінше әйелдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға заңмен тыйым салынған. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу