Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сәтпаев қалалық сотында жергілікті тұрғын терроризмді насихаттау ісі бойынша жауапқа тартылды. Ол ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.
Сот материалдарына сәйкес, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарын радикалды идеологияға тартуға тырысқан.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдерді мұқият зерттеп, кәсіби біліктілігін көрсетті және айыптауды толықтай қолдады.
Үкім заңды күшіне енді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу