Сәтбаевты су және жылумен қамтитындардың 20 миллионнан аса қарызы сотта қаралды

1106

Сәтбаевты су және жылумен қамтитындардың 20 миллионнан аса қарызы сотта қаралды

Сәтбаевтағы жылу мен су жеткізушілері "Жезқазған Энергосбыт" компаниясына 20 млн теңге қарыз, деп хабарлайды КазТаг.

"Қарағанды облысындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында (МАЭС) "Жезқазған Энергосбыт" ЖШС-ның "Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС-дан қарыз сомасын өндіру туралы арызы қаралды. Тараптардың 2018 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардағы энергиямен жабдықтау шартына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтары мен 2016 жылдың 1 мамыры аралығындағы қарызы 20 221 997,33 теңгені құрайды", - деп хабарлады өңірдегі МАЭС баспасөз қызметінен.  
Істі дайындау барысында тараптар сотқа бітімгершілік келісімді бекіту және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтініш ұсынды.  
"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" ЖШС "Жезқазған Энергосбыт" ЖШС алдындағы қарызын келесідей тәртіпте төлеуге дайын: 2018 жылдың 31 қаңтарына дейін 10 221 997 теңге, қалған 10 миллион теңгені 2018 жылдың 26 ақпанына дейін төлейді", - деді соттан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу