SATUC қайрымдылық ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастуға ниетті

2068

2015 жылы құрылған SATUC ұйымы әлем бойынша панасыз қалған балаларға қамқорлық етіп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. 

SATUC қайрымдылық ұйымы Қазақстанмен ынтымақтастуға ниетті

Биылғы жылдың 25 шілдеде Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев негізгі кеңсесі Каирде орналасқан SATUC қайырымдылық ұйымының төрайымы, Қатар билеуші әулетінен шыққан Шейха Әл Тәнизмен кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

2015 жылы құрылған SATUC ұйымы әлем бойынша панасыз қалған балаларға қамқорлық етіп, жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Шейха Әл Тәнидің бастамасымен жыл сайын балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан әлем чемпионатын ұйымдастырып отырады. Сайыстар Рональдо, З.Зидан, А.Дель Пьеро сияқты әлем футболы жұлдыздарының қолдауы және қатысуымен өтеді. 

Сұхбат барысында "SATUC" қайрымдылық қорының Қазақстанмен ынтымақтастық құру жолдары қарастырылды. Әсіресе, жетім балаларды спортқа баулу, олардың шет елдерге сапарларын ұйымдастыру және әлемдік сайыстарға қатыстыру мәселелері талқыланды. 

Шейх Әл Тәни 2019 жылғы желтоқсанда Мароккода өтетін футболдан балалар үйлері тәрбиеленушілері арасында өтетін чемпионатқа Қазақстан құрама командасына шақыру табыстады. Сонымен қатар, SATUC қайрымдылық қоры 2020 жылы Қазақстанда қыздардың футболдан бірінші әлем чемпионатын ұйымдастыруды ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты мемлекет қамқорлығындағы балалардың спорттық ойындарға қатыстыру арқылы олардың дамуына мүмкіндік беру, қоғам тарапынан өмірлік мақсаттарын іске асыруға жан-жақты қолдау болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу