Сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест тәркіленді

968

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Маңғыстау облысының "Құрық" теңіз порты арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға жалған ПТР-тест жасаумен және сатумен айналысқан тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі.  

Сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест тәркіленді

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, жедел-тергеу іс-шарасы барысында бір топ адамның, оның ішінде "Құрық" теңіз порты фельдшерінің ұзақ уақыт бойы ПТР-тестті қолдан жасап, отандастарымыз бен шетелдіктерге сатқаны анықталды,  деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Құрық" теңіз портының фельдшері болып жұмыс істейтін 21 жастағы жергілікті тұрғын Қазақстанға кіретін және шығатын жолаушылар үшін ПТР-тестті қолдан жасап, сыбайластары арқылы сатқан. Жалған ПТР-тест үшін адамдардан 3-10 теңге аралығында ақы алған. Тұрғылықты жері бойынша тергеу жүргізу кезінде күдіктіден сатуға дайындалған 48 жалған ПТР-тест, ноутбук, принтер және ковидқа қатысты құжат дайындауда пайдаланылған техника тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Нұрділдә Ораз. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу