Сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі

1270

Биыл 8 айда жалпы құны  117,7 млрд теңге болатын 19 мыңнан аса автокөлік құралды

Сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі Фото: kapital.kz

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бес жылдығын іске асыру жылдарында машина жасау саласы еліміздегі ең қарқынды дамыған салалардың бірі болды. Өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге дейін, яғни, 2,3 есеге ұлғайды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасаудың үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін өсті.

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндіріс көлемі 638,1 млрд теңгеден асып, өндірістің өсімі – 13,8%-ды құрады.

Автомобиль құрау машина жасау салалары арасында ең үлкен өсім қарқынын көрсетті. Биыл 8 айда жалпы құны  117,7 млрд теңге болатын 19 мыңнан аса автокөлік құралды (ФКИ 150,1%). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Егер 2017 жылы сатылған әрбір үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылған болса, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу