Сатылып жатқан қауын-қарбыздың нитраты жоғары екенін анықтады

2486

Бақша өнімдері Алматыға Түркістан облысынан және Өзбекстан мемлекетінен келеді.

Сатылып жатқан қауын-қарбыздың нитраты жоғары екенін анықтады

Алматы қаласының санитарлық дәрігерлері көшеде сатылып жатқан қауын-қарбыздың құрамында нитрат көрсеткіші жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық тауар мен қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты. Оның айтуынша, санитарлық дәрігерлер базарлар мен сауда үйлері, көкөніс-жеміс сату орындарында бақша өнімдерінен сынама алып тұрады.

Бақша өнімдері Алматыға Түркістан облысынан және Өзбекстан мемлекетінен келеді.

"Әуезов ауданында екі базарда жүргізілген акция бойынша көкөністерден 283 сынама алынды. Оның ішінде 4 бақша өнімі алынды. Атап айтқанда, төртеуінде де: 3 қауында нитрат көрсеткіші қалыпты жағдайдан 2 есе, 1 қарбызда 0,5 есе артық екені анықталды. Қалыпты жағдайда нитрат 60 мг/кг болуға тиіс",­– деді Айзат Молдақасымова.

Мамандардың айтуынша, нитраты жоғары өнімді жеген адамның асқазан ішек жолдары ауырып, гемоглобин өзгеруі мүмкін. Яғни, нитраттар ыдыраған кезде токсинді заттар гемоглобинмен байланысады. Бұл өз кезегінде қанның оттегі таситын түйіршіктерінің азаюына әкеп соғады. Сонымен қатар, нитраттар орталық жүйке жүйесіне де кері ықпал етеді.

Санитарлық дәрігерлер бақша өнімдерін тек қана арнайы рұқсаты бар орындарда сатып алу және ветеринарлық санитарлық сараптама қорытындысын талап ету керектігін ескертеді.

"Сыртқы қабығы жылтырап тұруы керек. Мәуесі жұмсақ болуы тиіс, қуыс болмауы керек. Мұрты кепкен болуы шарт. Піспеген қарбыздың қабығы мата сияқты болады. Мұрты кеппеген, мәуесі ашық қызыл болады. Сатып алғанда кескізбеген абзал. Себебі пышақ таза болмауы мүмкін. Егер басыңыз ауырып, құсып, ішіңіз ауырса, онда тез арада ауруханаға қаралған жөн", - деді Айзат Молдақасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу