Сатып алуларды орталықтандыру есебінен үнемделген қаржы ұстаздарға берілмек

752

Сатып алуларды орталықтандыру есебінен үнемделген қаржы ұстаздарға берілмек

Әсет Исекешев мұғалімдердің өздеріне қатысы жоқ міндеттерден кезең-кезеңімен босатылатынын айтты, деп хабарлайды kaztag.kz.
"Қазір мектеп директорлары оқу процесіне көп көңіл бөле алмайды, оның орнына олар қаржылық-шаруашылық мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біздің пайымдауымызша педагогтар ең алдымен балалардың дамуымен айналысулары керек, шаруашылық мәселелерімен емес, сондықтан бұл міндетті кезең-кезеңімен шешетін боламыз", - деді Әсет Исекешев сәрсенбіде Астанада өтіп жатқан тамыз педагогикалық кеңесінде. 
Сондай-ақ ол келесі айда Астана мектептерінде бұлтты бухгалтерия енгізілетіні туралы хабардар етті.  
"Қыркүйекте біз барлық мектептерде бірыңғай бұлтты бухгалтерияны енгіземіз, ол директорлар мен мектеп басшылығынан бірқатар шаруашылық жүктемелерін алып тастайды. Сонымен қатар, бұлтты бухгалтерия қаржылық менеджмент ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сатып алуларды орталықтандыру есебінен жылына 200 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталмыш қаржы ең алдымен мұғалімдерге премия беруге жұмсалады", - деді қала басшысы.
Бұл ретте, педагогтардың статусын көтеру және бұл салаға білікті мамандарды тарту үшін әлеуметтік пакет жасау және оны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу