Сауалнама барысында өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін 441 бала анықталды

1949

Сауалнама барысында өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін 441 бала анықталды

"Bilim foundation" қоғамдық ұйымы Ақтөбе облысында 14-15 жас аралығындағы балалардан арнайы сауалнама алды. Іс-шараға барлығы 17 193 бала қатысты. Солардың ішінен 441 бала тәуекел тобына кіреді, деп хабарлайы Aktobenews.kz.

"Бұл өте күрделі сауалнаманы халақыралық және қазақстандық ғалымдар әзірлеген. 33 бала қазір медициналық көмек ала бастады. Себебі олар күттірмейтін жағдайда. Координаторлар оларды апта сайын бақылап, ақыл-кеңес беруде", — деді "Bilim foundation" қоғамдық ұйымының басқарушы директоры Алмас Нұрбақытов.

Оның сөзінше, облыста Ақтөбе қаласы мен Шалқар ауданында суицид деректері жиі тіркеледі. Сондықтан ұйым нақ осы екі аймақта жұмысын бастаған.

"33 бала — 33 әлем. Әрқайсысының проблемасы өзгеше. Бір таразыға салып айта алмаймын. Біреуінде отбасы жағдайы нашар, біреуі толық емес отбасыда тәрбиеленуі мүмкін. Не болмаса ата-аналары жұмыссыз отыруы ықтимал. Көп жағдайда әлеуметтік проблемалар себепкер болады", — деді Алмас Нұрбақытов.

Айта кетейік, "Bilim foundation" қоғамдық ұйымы Қызылорда облысында басталған бағдарламаны Ақтөбе, Атырау және Ақмола облыстарында жүзеге асырмақ. Бағдарламаның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы суицидті жою.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу