Қазақстандықтардың 73,7%-ы жеке табыстары мен шығыстарын қадағалайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының хабарлауынша, респонденттердің 73,7%-ы жеке табыстары мен шығыстарын белгілі бір деңгейде есепке алып жүреді. Оның 34,9%-ы барлық қаржылық операцияларды жүйелі түрде тіркесе, тағы 38,8%-ы шамамен есеп жүргізеді. Ал 17,1%-ы өз шығыстарын мүлде бақыламайтынын мойындаса, 6,9%-ы мұндай есеп жүргізуді қажетсіз деп санайды.
Деректерді талдау көрсеткендей, бұл мәселеде балалардың болуы да белгілі бір рөл атқарады. Кәмелетке толмаған балалары бар респонденттер арасында табыс пен шығыс есебін тұрақты немесе ішінара жүргізетіндердің үлесі жоғары - 78,7%, ал балалары жоқтар арасында бұл көрсеткіш 70%-ды құрайды. Бұл қаржылық тұрғыдан жақындарына жауапкершілік сезімі отбасылық бюджетті неғұрлым саналы басқаруға ынталандыратын маңызды факторлардың бірі екенін көрсетеді.