Нәтижесінде еліміздегі ересектердің 83,9%-ы темекі өнімдерін сауда орнында сөреге шығаруға тыйым салуды қолдайтындарын айтқан, деп хабарлайды Atameken Business.
Атап айтқанда, ата-аналардың 77,3%-ы бұл идеяға оң баға берген. 74,9%-ы сауда орындарында темекі жарнамасы мектеп оқушыларына қолжетімді екеніне наразы. Ал, сауалнамаға жауап бергендердің 67,4%-ы темекі өнімдерін сауда орындарында сөреде орналастыру балалар мен жасөспірімдерді шылым шегуге итермелейтініне сенімді.
Айта кету керек, бөлшек сауда орындарында темекі өнімдерін сөреге шығаруға тиым салу бастамасы халықаралық тәжірибеде де тұрғындардын қолдауына ие болғанын көруге болады. Мәселен, Канадада темекі шегетіндердің 83%-ы сөредегі жарнамаға тиым салуды қолдаса, зиянды әдеттен бас тартуға тырысып жүргендердің 55%-ы бұл бастаманы қуана қарсы алған.
Ирландия тұрғындарының 58%-ы тыйым салынғанға дейін бастаманы қолдаған. Ал тыйым салынғаннан кейін жарнамаға қарсы көзқарастағылар көрсеткіші 66%-ға дейін өскен. Норвегияда шылым шекпейтін тұрғындардың 70%-ы, ал темекіге әуестердің 30%-ы сауда орындарында жарнамаға тыйым салуды қолдаған. Ұлыбританияда ересектердің 73%-ы темекі өнімдерін сөреден алып тастау идеясына қолдау білдірген.