Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына, Астана қаласының ресми сайтында елорданың шұғыл апат қызметтерінің жұмысын бағалау бойынша халық арасында сауалнама жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Нақтырақ айтсақ, азаматтар 101, 102, 103, 104, 109 және 112 қызметтерінің жұмысына қатысты өз пікірін білдіре алады.
"Ниет білдіргендер "Сіздің пікіріңіз" бөліміндегі сауалнаманы толтыра алады. Сауалнаманың қорытындысы талданып, әрбір тұрғынның пікірі ескеріледі және тиісті шара қабылданады", – деп сендіреді қала басшылығы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу