Сауат ашу пәнi "Ана тiлi" болып өзгертіледі

850

Сауат ашу пәнi "Ана тiлi" болып өзгертіледі

Бiрiншi сыныпта оқытылатын Сауат ашу пәнiнiң атауы "Ана тiлi" деп өзгертіледі. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева ОКҚ брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Әлiппеге келетін болсақ, педагогтар қауымымен келiсе отырып, оны "нөлiншi" сыныпта оқыту туралы 2016 жылы шешiм қабылдадық. Қазiргi уақытта мектепке баратын балалар әрiп танып, оқи алады. Сондықтан, осындай шешiмге келдiк. Бiрiншi сыныптарда Сауат ашу пәнiнiң орнына "Ана тiлi" пәнi оқытылады", – дедi ҚР БҒМ вице-министрi Эльмира Суханбердиева.

Ал ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева Сауат ашу пәнi атауының "Ана тiлi" деп өзгеретiнiн жеткiздi.

"Сауат ашу пәнiн "Ана тiлi" деп атау туралы көптеген ұсыныс келiп түстi. Бiз оны қабылдадық. Ендi Сауат ашу атауы "Ана тiлi" болып өзгертiледi", – деп түсіндірдi Жаңыл Жонтаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу