Сауд Арабиясы АҚШ-қа "сан жетпес" көлемдегі инвестиция құюға уәде берді

Мұндай деректер Дональд Трамптың Ақ үйде Сауд Арабиясының ханзадасын қабылдаған сәтінде айтылған.  

Сауд Арабиясы АҚШ-қа "сан жетпес" көлемдегі инвестиция құюға уәде берді Фото: 1prime.ru

Бұл тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманның 2018 жылдан бері АҚШ-қа алғашқы сапары саналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ президенті құрметті қонақты салтанатпен қарсы алған. Бұған дейін Сауд Арабиясының АҚШ-та тұратын оппозициялық қайраткері және Washington Post газетінің тілшісі Джамаль Хашогги Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы консулдығында өлтірілген еді. Кейін АҚШ барлау қызметі Мұхаммед бен Салман "бұл қылмысқа рұқсат берді" деген қорытындыға келген. 

Ақ үйдегі баспасөз конференциясы уақытында Трамп ABC тілшісінің Хашоггидің өлтірілуі туралы сұрағын "негізсіз" деп атады. 

– Сіз өте даулы адам туралы айтып отырсыз. Сіз айтып отырған бұл мырзаны көп адам ұнатқан жоқ. Ол ұнаса да, ұнамаса да, кез келген нәрсе болуы мүмкін. Алайда ол (тақ мұрагерін айтады) бұл туралы ештеңе білмеген. Біздің қонақтарымызды ыңғайсыз жағдайға қалдырудың қажеті жоқ, – деді АҚШ президенті.

Содан соң Ақ үй Сауд Арабиясымен азаматтық атом энергетикасын дамыту туралы бірлескен декларацияға қол қойылғанын және президенттің өзі корольдікке болашақта F-35 жойғыш ұшақтарын жеткізуді қамтитын "ірі қорғаныс-экспорттық пакетін" мақұлдағанын хабарлады. 

Трамп Сауд Арабиясы билеушісімен кездесуіне дейін Сауд Арабиясы – "Америка Құрама Штаттарының ұлы одақтасы" болған соң, оған бұл ұшақтарды сататынын сенімді түрде мәлімдеген еді. 
Кездесуден кейін америкалық көшбасшы Эр-Риядты НАТО-дан тыс маңызды одақтасы деп жариялады. 

– Сауд Арабиясын НАТО-ға кірмейтін маңызды одақтас ретінде ресми түрде белгілеу арқылы әскери ынтымақтастығымызды одан да жоғары деңгейге көтеріп жатқанымызды хабарлауға қуаныштымын, – деп қоса кетті Трамп.

Мұнан өзге АҚШ пен Сауд Арабиясы азаматтық ядролық энергетика, маңызды минералдар және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар маңызды келісімге қол қойған. Ең бастылардың бірі

Сауд Арабиясы АҚШ-қа салатын инвестиция көлемін шамамен 1 триллион долларға дейін арттыруға уәде беріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу