Сауд Арабиясы АҚШ-тан жүздеген танк сатып алады

98

Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман Ақ үйдегі кездесу барысында осындай келісімге келді.  

Сауд Арабиясы АҚШ-тан жүздеген танк сатып алады Фото: tmgrup.com

Сауд Арабиясы АҚШ-тан 300-ге жуық танк пен F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осылайша АҚШ Саудияның қорғаныс саласындағы басты стратегиялық серіктесіне айналады. Тараптар сондай-ақ сирек металдар мен атом энергетикасы жөнінде ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Сонымен қатар АҚШ Сауд Арабиясын НАТО-дан тыс негізгі одақтас ретінде мойындады. Президент Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман екі ел арасындағы серіктестікті нығайту жөніндегі келісімге қол қойды.

Құжат екіжақты әскери ынтымақтастықты кеңейтуді және Таяу Шығыстағы қауіпсіздікті күшейтуді көздейді. Енді аймақтағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі ретінде АҚШ-тың рөлі беки түспек. Ал корольдік АҚШ-тың аймақтағы әскери шығындарының бір бөлігін өтеп беретін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу