Сауд Арабиясы АӨСШК-ге оныншы бақылаушы мемлекет ретінде қосылды

376

Бұл Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін осы панконтиненттік ұйымның одан әрі географиялық кеңеюіндегі маңызды кезең болды. 

Сауд Арабиясы АӨСШК-ге оныншы бақылаушы мемлекет ретінде қосылды Фото: АӨСШК Хатшылығының баспасөз қызметі

Сауд Арабиясының байқаушы ел мәртебесін беру туралы өтініші 2023 жылғы 12 желтоқсанда өткен АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысында алдын ала мақұлданып, АӨСШК Министрлер Кеңесі елге байқаушы мәртебесін беру туралы шешімді 2023 жылғы 26 желтоқсанда қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы, Сауд Арабиясы – Парсы шығанағы елдерінің бірі. Қазірдің өзінде оған АӨСШК ұйымға белсенді қатысушылары Бахрейн, Катар, Кувейт және БАӘ сияқты мүше мемлекеттер кіреді. Сауд Арабиясы Корольдігінің бақылаушы мәртебесі АӨСШК-дегі қосалқы аймақтың өкілдігін одан әрі ұлғайтады және осылайша Азиядағы ынтымақтастықты кеңейтіп, байытады.

Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі Азияда және бүкіл әлемде көпжақтылықты ілгерілетуге белсенді түрде үлес қосып жатыр. Қазіргі таңда, Сауд Арабиясы әртүрлі халықаралық ұйымдарға, соның ішінде АӨСШК бақылаушы ұйымы Араб мемлекеттері лигасына (LAS), сондай-ақ, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына (ИЫҰ) және Мұнай экспорттаушы елдер ұйымына (ОПЕК) қатысады.

Бұдан бөлек, Сауд Арабиясының АӨСШК бақылаушы мемлекеті болуға өтінімі жаһандық және аймақтық сын-қатерлерді шешудегі ұжымдық күш-жігердің маңыздылығын және аймақтың халықаралық ұйымшылдықты біріктіруге ортақ ұмтылысын танытады.

Айта кету керек, соңғы үш жылда АӨСШК-ге мүше елдер мен ұйымдар қатары айтарлықтай көбейді. Мәселен, Кувейт оған 2022 жылы мүше болса, Түрікменстан 2021 жылы бақылаушы болды, ал Еуразиялық экономикалық одақ 2022 жылы серіктес ұйым ретінде қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу