Корольдіктің мемлекеттік телеарнасы Сауд Арабиясы ресми түрде БРИКС ұйымының толыққанды мүшесі болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
"Сауд Арабиясы Корольдігі басқа алты мемлекеттің арасында БРИКС ұйымына толық мүше болды, бұл оның әлемдік аренадағы позициясын нығайтады", - деп хабарлады ресми телеарна.
Өткен жылдың тамызында Оңтүстік Африкада өткен БРИКС саммитінде бұл ұйымға мүше елдер тағы алты мемлекетті, соның ішінде көмірсутегі ресурстарының ең ірі өндірушілері – Сауд Арабиясы мен БАӘ-ді мүшелікке шақыратыны белгілі болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу