Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында жаңартылған энергия көздерін дамытуға инвестиция салу бағытында келіссөз жүріп жатыр. Мұны Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халед әл-Фалех ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевпен кездесуде мәлімдеді.
Тараптар мұнай-химия, атом өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді талқылап, осы саладағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін қарады. Кездесуде Сауд Арабиясының атом электр станциясын ядролық отынмен қамтамасыз ету мүмкіндігі сараланып, уран кеніштеріне қажетті технологиялар жөнінде өзара тәжірибе алмасу сөз болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу