Сауд Арабиясы Еуропа мен Азия елдеріне тасымалдайтын мұнай бағасын көтереді

1202

Алайда Шығысқа жөнелтетін экспорт Батысқа қарағанда арзан.  

Сауд Арабиясы Еуропа мен Азия елдеріне тасымалдайтын мұнай бағасын көтереді

Мәселен, Arab Super Light өнімі 2,4,  Arab Extra Light  1,5 долларға, Arab Light 40 центке қымбаттайды. Жерорта теңізіндегі тұтынушылар үшін жеңіл сұрыпты шикізат бағасы 1,7-2,4 долларға дейін өседі, деп хабарлайды Atameken Business.

Арабтар мұндай өзгерісті су көлігіне қоршаған ортаға зиянды жанармайды қолдануға шектеу күшейетін болған соң жасап отыр. Себебі енді олар өндіретін жеңіл сұрыпты өнімге сұраныс артады.

Бұл – Ресей үшін жақсы емес. Өйткені олардың Urals атты өнімінің құрамы тығыз әрі күкірті көп. Сондықтан да көршіел, шикізат бағасын біраз түсіруі мүмкін. Салдарынан кіріс 500 млрд рубльге кемиді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу