Сауд Арабиясы Йеменнің Әл-Мукалла портында шетелдік әскери көмек тиелген жүкке шектеулі шабуылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сенбі және жексенбі күндері Фуджейра портынан Әл-Мукалла портына Коалицияның біріккен күштері қолбасшылығының рұқсатынсыз 2 кеме келді. Бақылау жүйелері өшірілген кемелер портта Оңтүстік өтпелі кеңес күштеріне арналған қару-жарақ пен әскери көлік құралдарының үлкен жүгін түсірді. Бұл әрекеттер бейбітшілік процесі мен бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған күш-жігерді өрескел бұзу ретінде бағаланды, – делінген коалицияның ресми өкілі Турки Әл-Малики.
Ол Йемен үкіметінің әскери жүктердің қауіп төндіретінін ескере отырып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өтінішіне жауап ретінде коалицияның әуе күштері шектеулі соққы жасағанын айтып отыр.
Коалицияның біріккен күштері қолбасшылығы деэскалация шараларын жүзеге асыруды жалғастырмақ. Сондай-ақ, Йеменнің заңды үкіметі мен коалициялық күштердің келісімінсіз берілетін кез келген шетелдік әскери көмекке тосқауыл қоя алады.