Сауд Арабиясы қараша айында Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай бағасын қымбаттатады.
Жерорта теңізі елдері үшін жанармай құны барреліне 1,5-1,9 долларға, Солтүстік-Батыс Еуропа үшін барреліне 1,2-1,5 долларға қымбаттайды, деп хабарлады Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы.
АҚШ тұтынушылары үшін бағалар келесі айда өзгеріссіз қалады.
Азия елдеріне жеткізілетін Arab Extra Light маркалы мұнай келесі айда барреліне 0,5 долларға, Arab Light маркалы мұнай барреліне 0,4 долларға қымбаттайды.
Нәтижесінде бірінші сұрыпты мұнайдың Оман/Дубай қоржынына қарағанда бір баррелі 2,85 долларға, ал екіншісі барреліне 3,6 долларға жоғары бағамен саудаланады.