Сауд Арабиясы қазан айында Азия мен Америка Құрама Штаттары үшін мұнай бағасын көтеріп, еуропалық сатып алушылар үшін төмендетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Saudi Aramco мемлекеттік компаниясына сілтеме жасап.
Азияға жеткізілетін мұнай Arab Light бағасы келесі айда барреліне 0,1 долларға өсті. Нәтижесінде ол Оман мен Дубайдан жеткізілетін мұнайдан 3,6 долларға қымбатқа түседі, бұл желтоқсаннан бергі ең жоғары сыйлықақы.
Азия үшін мұнайдың басқа маркалары бағасының өсуі барреліне 0,1-0,5 долларды құрайды.
АҚШ-қа жеткізілген мұнай барреліне 0,2 долларға қымбаттады, Солтүстік-Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі елдері үшін баға 0,1%-ға төмендейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу