Al Arabia порталының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі COVID-19 індетіне байланысты биылғы қажылықты ұйымдастыруға қойылған шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр.
"Қажылыққа барушылардың саны коронавирустық пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады, жас шектеулері болмайды", – деді қаржы министрі Тавфик әл-Робиа.
Пандемияға дейін 2019 жылы 2,6 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеген. Алайда 2020 және 2021 жылдары пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты қажылыққа барушылар саны азайды. 2022 жылы 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берілген.
2022 жылы 18 бен 65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алды.