Сауд Арабиясы Қытайда екі ірі мұнай өңдеу зауытын салады

582

Сауд Арабиясының Saudi Aramco Ұлттық мұнай компаниясы Қытайда үлкен мұнай өңдеу зауыты мен мұнай-химия кешенін салады.  

Сауд Арабиясы Қытайда екі ірі мұнай өңдеу зауытын салады Фото: img1.eadaily.com

Бұл туралы Inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпаратта көрсетілгендей, мұнай-химия кешені жылына 1,65 миллион тонна этилен мен 2 миллион тонна параксилол өндіре алады. Мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуаты тәулігіне 300 мың баррельді құрайды, оның 210 мыңын Saudi Aramco жеткізеді.

Жаңа нысан Паньцзинь қаласында (Ляонин провинциясы, Солтүстік-Шығыс Қытай) салынады. Олардың құрылысы осы жылдың екінші тоқсанында басталады. Пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған. Жобаны Huajin Aramco Petrochemical Company — Saudi Aramco мен қытайлық Norinco және Panjin Xincheng Industrial Group бірлескен кәсіпорны әзірлеп жатыр.

Тиісті келісімге 2019 жылдың басында Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Сальман Аль Саудтың Бейжіңге сапары кезінде қол қойылды. Saudi Aramco бірлескен кәсіпорындағы 30% үлеске ие, Norinco — 51%, Panjin Xincheng Industrial Group — 19%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу