Сауд Арабиясы Қытаймен 50 миллиард доллар инвестиция туралы келісімге қол қойды

708

Сауд Арабиясы мен Қытай билігі Эр-Рияд саммитінде $50 млрд көлеміндегі инвестицияға сөз байласты.    

Сауд Арабиясы Қытаймен 50 миллиард доллар инвестиция туралы келісімге қол қойды Фото: LentaFeed

Бұл туралы Bloomberg агенттігі Сауд Арабиясының инвестициялар министрі Халид әл-Фалихке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Инвестициялық келісім төңірегінде егжей-тегжейлі ештеңе айтылмады. Алайда, әл-Факих мырза атап өткендей, инвестициялар жеке әрі мемлекеттік секторларға да әсер етеді. Сонымен бірге ол бұл көрсеткіш саммитке көшбасшылары қатысқан басқа араб елдерінің қатысуымен жасалған келісімдерге де қатысы бар-жоғын нақтылаған жоқ.

8 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин алты жылда алғаш рет Сауд Арабиясына келді. 2021 жылы Сауд Арабиясы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 309 миллиард сауд риалын (шамамен $82,1 миллиард) құрады. Сонымен қатар, 2021 жылы Қытай импортталатын мұнайдың 17%-ын патшалықтан сатып алды. Сауд Арабиясы Қытай экономикасына инвестиция салған елдер тізімінде көлемі бойынша 12-орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу