Сауд Арабиясы Ливанға 40 миллион тонна жүк тиелген гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сауд Арабиясы королінің жеке көмек көрсету орталығының өкілі Абдулла бин Абдулазиз Аль-Рабиа бұл көмекті "Ливанға жеткізілуі тиіс міндетті шара" деп мәлімдеді. Өйткені, Ливанда жағдай күннен күнге қиындап барады.
Осыған дейін Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ирак, Мысыр, Иордания, Румыния және Франция Ливанға гуманитарлық көмек жеткізген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу