Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы келісімдер 557 млрд долларға жетті

102

Бұны Сауд Арабиясының инвестициялар министрі Халид бин Абдулазиз әл-Фалих хабарлады.

Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы келісімдер 557 млрд долларға жетті Фото: zerkalo.az

Эр-Рияд пен Вашингтон арасында қол қойылған келісімдердің жалпы көлемі 557 миллиард долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Анадолу агенттігі жазғандай, "Әл-Ихбария" телеарнасына берген сұхбатында әл-Фалих Вашингтонда өткен АҚШ – Сауд Арабиясы Инвестициялық форумы аясында тараптардың 242 инвестициялық келісімге қол қойғанын атап өтті.

– Біз тараптар арасындағы серіктестікті нығайту мақсатында әртүрлі секторларда көптеген келісім жасадық. Қол қойылған құжаттардың жалпы құны 557 миллиард долларға жетті, – деді министр.

Әл-Фалихтің айтуынша, АҚШ Сауд Арабиясындағы ең ірі шетелдік инвестор саналады. Ол осы жыл екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды кезеңге айналатынын атап өтті.

Министр сондай-ақ тарихы 90 жылдан астам уақытты қамтитын Сауд Арабиясы мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың жаһандық үдерістеріне де елеулі ықпал ететінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу