Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы уағдаластық: ҚР СІМ мәлімдемесі

561

Қазақстан Республикасы 2023 жылғы 10 наурызда Бейжің қаласында Сауд Арабиясы Корольдігі мен Иран Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы уағдаластықтарды құптайды.  

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы уағдаластық: ҚР СІМ мәлімдемесі Фото: gov.kz

"Біз Қытай Халық Республикасының келіссөздер үдерісіндегі және табысты нәтижелерге қол жеткізудегі рөлін жоғары бағалаймыз.

Бұл уағдаластықтар 2016 жылы сәуірде Ыстанбұлда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитінде ұсынылған Қазақстанның Исламдық татуласу жөніндегі бастамасына толығымен сәйкес келеді.

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру және өзара елшіліктерін ашулары өңірлік және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз", - делінген СІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу