Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тағы да 1 млн баррельге қысқартады

1009

Бұл шектеу маусым айында жүзеге аса бастайды.

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін тағы да 1 млн баррельге қысқартады

Сауд Арабиясының энергетика министрлігі Saudi Aramco компаниясына шикізат өндірісін 1 миллион баррельге азайтуды тапсырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Бұған дейін компания ОПЕК+ келісімі аясында пандемияға байланысты қысқартулар жасаған болатын. 

Осылайша корольдік бір күнде жер қойнауынан шығарылатын "қара алтын" көлемін 4,8 миллион баррельге кемітеді. 

Еске сала кетсек, өткен айда ОПЕК+ елдері нарықты қолдау мақсатында 1 мамырдан бастап өндірісті қысқарту туралы шешім қабылдады. Картельдің мұндай қадамға баруына пандемия кесірінен іркіліп қалған сұраныс түрткі болды. Осы орайда 23 ел бір күндік норманы 9,7 миллион баррельге төмендеткен еді. Бірақ кей сарапшылар ОПЕК+ қабылдаған шараның нарықты тұрақтандыруға айтарлықтай септігін тигізбейді деген пікірлер айтуда.

Табиғат Нұрболат

Фото: reuters.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу