Сауд Арабиясы мұнай өндіруші елдердің отырысына қатыспайды

1201

Сауд Арабиясы мұнай өндіруші елдердің отырысына қатыспайды

Сауд Арабиясы МЭЕҰ пен оның құрамына кірмейтін мұнай өндіруші елдер арасында болатын кездесуге қатыспайды. Келіссөздерге қатысудан бас тартуының себебі әзірге белгісіз, деп хабарлайды дереккөзге сілтеме жасаған 7kun.kz.

Кездесу 28 қарашада Вена қаласында өтеді деп жоспарланған. Қатысушылардың арасында Ресей өкілдері де болады.

28 қарашадағы кездесуге Сауд Арабиясының қатыспайтыны туралы МЭЕҰ делегаттарына сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі де хабарлап отыр. Агенттіктің хабарлауынша, Эр-Риядтың келіссөзге қатысудан бас тартуы МЭЕҰ -мен өзара келісімнің әлі жасалмауымен түсіндіріледі.

Айта кетейік, картельге мүше емес елдермен кездесу МЭЕҰ кездесуінен екі күн бұрын болу керек. Ал 30 қараша күні Венада картель елдері мұнай өндірісін қысқарту шарты бойынша нақты келісім жасайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу