Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін жолмен мұнай тасымалдап жатыр

363

Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін жолмен мұнай тасымалдап жатыр Фото: tass.ru

Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін "Шығыс – Батыс" мұнай құбыры арқылы тасымалды қайта жандандырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Saudi Aramco" мемлекеттік мұнай компаниясы сыртқы нарықтарға мұнай жөнелтуді қайта жандандырды. Бұл ретте мұнай шектеулі көлемде тасымалданып жатыр. Мұнай құбырының іске қосылуы Сауд Арабиясына Шығыс провинциядағы кен орындарынан мұнайды Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу портына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл бағыт стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын айналып өтпек.

Ұзындығы шамамен 1,2 мың шақырым болатын құбырдың өткізу қабілеті тәулігіне 7 миллион баррельге дейін жетеді. Бұған дейін аталған мұнай құбырын Йемендегі хуситтер шабуылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу