Сауд Арабиясы Өзбекстанда әлемдегі ең ірі ЖЭС салады

1265

ЖЭС 1,65 миллион үй шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Сауд Арабиясы Өзбекстанда әлемдегі ең ірі ЖЭС салады

Өзбекстан мен Сауд Арабиясы жаңа келісім жасасты. Ол бойынша, саудиялық ACWA Power компаниясы Қарақалпақстанда қуаты 1,5 ГВт болатын жел электр станциясын салады, деп хабарлайды inbusiness.kz Өзбекстанның Энергетика министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Келісімге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің Сауд Арабиясына жасаған мемлекеттік сапары барысында қол қойылды.

Бұл жоба әлемдегі ең ірі жел электр станциясы болмақ. ЖЭС-тің қуаты 1,65 миллион үй шаруашылығын электр энергиясымен қамтамасыз етеді, бір жылда 2,4 миллион тонна көміртегі шығарындысы ауаға бөлінбейтін болады.

Сондай-ақ Сауд Арабиясы тарапының Өзбекстанның энергетикалық кешеніне алдағы 5 жылда 10 млрд доллар бөлу жоспары туралы құжатқа қол қойылды.

Жалпы бұл кездесуде тараптар 12 миллиард долларлық үш келісім жасасты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу