Сауд Арабиясы сәуір айында Еуропа мен Азияға жөнелтілетін мұнай бағасын қымбаттатады.
Бұл туралы Saudi Aramco мемлекеттік компаниясы хабарлады.
Бұл ретте Arab Heavy маркалы "қара алтынның" бағасы айтарлықтай өседі. Осылайша еуропалық тұтынушылар үшін мұнай барреліне 1,3 долларға және азиялықтар үшін 2,5 долларға қымбаттайды.
Азиялықтар үшін мұнайдың басқа маркаларының бағасы барреліне 0,45-0,9 долларға қымбаттайды. Жалғыз ерекшелік Arab Super Light болады, оның бағасы барреліне 1 долларға төмендейді. Келесі айда АҚШ-қа жеткізілетін мұнай бағасы өзгермейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу