Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдель Азиз әл Сауд төрағалығымен өткен министрлер кабинетінің отырысында Корольдікке Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) диалог бойынша серіктес мәртебесін беру туралы меморандум бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Islam-today сілтемесімен.
Қазіргі уақытта ШЫҰ мүшелері қатарында Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан бар. Ауғанстан, Беларусь, Иран мен Моңғолия бақылаушы елдер мәртебесіне ие, ал Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия мен Шри-Ланка серіктес елдер.
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Самарқанд саммитінде Египет, Катар мен Сауд Арабиясымен диалог серіктестігі туралы меморандумдарға қол қойылды және Бахрейн, Кувейт, Мальдив, Мьянма мен БАӘ-ге диалог серіктестері мәртебесін беру процедурасын бастау туралы шешім қабылданды.