Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің "Барселонаға" көзі түсіп отыр

Мұндай өте тосын хабарды El Chiringuito TV тілшісі Франсуа Галлардо X-тегі жеке парақшасында жазған. 

Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің "Барселонаға" көзі түсіп отыр Фото: x.com/F_GallardoTV

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд испандық "Барселона" футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Журналистің сөзінше, Сауд Арабиясының тақ мұрагері "Барселонаны" 10 млрд еуроға сатып алу туралы ұсыныс жасауға дайын. 

Десе де, клуб мүшелері мұндай сатып алуға қарсылық танытып, тіпті кедергі келтіруі ықтимал. Себебі, клуб ондағы сайлау мен басқаруды қадағалап отырған мүшелерінің ортақ меншігінде тұр. 

Франсуа Галлардо "Барселонаның" қазіргі уақытта қарызы 2,5 млрд еуродан асып кеткенін ашық жазған. Сондықтан, Мұхаммед ибн Салман Әл Саудтың клубты алу мүмкіндігі жоғары. Бірақ, кейбір спорт сарапшысы клубтың оған толық сатылмайтынын айтады. Яғни, белгілі-бір деңгейде акциясын иеленуі мүмкін. 

Forbes мәліметінде испан клубының құны шамамен 5,6 млрд доллар делінген. Бұл арқылы ол әлемдегі ең қымбат 5 футбол командасының қатарына оп-оңай енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу